Димаш Құдайберген Singer байқауының сегізінші кезеңінде 5-орын алды

Димаш бұл кезеңде қытайлық танымал әнші Хан Хунның «Таң атты» әнін орындады.

Sina weibo парақшадағы ақпараттарға сенсек, отандасымыз бүгінгі сында өнер көрсеткенде тамағы ауырған әрі шаршаған әнші өз бабында болмаған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың жетінші кезеңінде қазақтың «Дайдидау» әнін орындап үшінші орынды иеленген. Бұл кезең эфирде 4 наурыз күні көрсетілетін болады.

ДереккөзInform.kz