Алматы облысында газға қосылу құны екі есе төмендеді

Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, облыстағы 384 елдімекеннің 294-і газдандыруға жатады. Оның 147-сі, яғни 51%-тен астамы газандырылған. 1 миллион 107 мың адам немесе 73,5%-і газға қол жеткізді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2022 жылы 2,7 миллиард теңгеге төрт жоба іске асырылды. Былтыр жеке инвесторлардың есебінен жүргізілген құрылыс жұмыстарының арқасында 129 елдімекен газдандырылды. Бүгінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілері өндіретін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны дербес белгілеп отыр. Өйткені, баға үкімет тарапынан реттеуге жатпайды. Бұл ретте азаматтарды газға қосу бағасын төмендету мақсатында әкімдік облыс прокуратурасымен және газға қосу қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, газға қосу бағасын 350 мың теңге шегінде белгілеу туралы келіссөздер жүргізді. 10 мекеме келісімін берді. Олардың нарықта 35%-ке дейін үлесі бар, — деді облыс басшысы.

Осы ретте үкімет басшысы «Алматы өңірінде газға қосылу екі есеге арзандады ма?», — деп нақтылау сұрағын қойды.

Иә, арзандады десек те болады, — деп жауап берді өңір басшысы.