Смайылов тозығы жеткен газ желілеріне тұрақты бақылау жасауды тапсырды

Газ инфрақұрылымының тозуы маңызды мәселе. Бүгінгі таңда газ желілерінің тозуы шамамен 60%-ке жетті. Жылу желілері әбден тозып-біткен Екібастұз бен Рудныйдағы жағдайды бәріңіз көріп отырсыздар. Ал газ желілеріне қысым өте жоғары, сондықтан қауіп те жоғары, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, магистральдық газ құбырларының басым бөлігі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған және қомақты қаражатты қажет етеді.

Сондықтан, энергетика, төтенше жағдайлар министрліктері, әкімдер мен «Қазақгаз» тарапынан бақылау тұрақты болуға тиіс. Ал газ инфрақұрылымын жаңғырту және уақытылы жөндеу жұмыстарына басымдық берілуі керек, — деді премьер-министр.