Бұл туралы ұлттық статбюро хабарлады.
Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім шығарды. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 миллион тонна, ал үй шаруашылықтарының үлесінде былтыр 1,9 миллион тонна өнім болды.
Өндіріс көлемінің ұлғаюымен бірге картоп экспорты да өсті – 18,5%. Мәселен, былтыр қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна көкөніс сыртқа жіберілген. Ал импорт өз кезегінде 51,6%-ке төмендеді. Егер 2021 жылы сырттан 97,6 мың тонна картоп әкелінсе, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталған, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, былтыр шаруашылықтардың барлық санаты бойынша картоптың егістік алқабы 198,8 мың гектар болды.