Елімізде картоп, сәбіз және пияз бағасы түсті

Күзде дәстүрлі түрде баға арзандайды, оның ішінде көкөніс бағасында өзгеріс бар. Кейінгі мәліметтер бойынша картоп, сәбіз және пияз бағасы түсті, — деп жауап берді Қарашөкеев тілшілер сауалына.

Оның айтуынша, ел аумағында жаппай егін орағы жүріп жатыр. Осы орайда миллион тонна картоп жиналған. Сонымен қатар егіс алқаптарында пияз жинау аяқталып келеді.

Бағаның өсімі негізінен сауда желілеріне тиесілі болды. Егіс алқаптарында картоптың келісін 120 теңгеден алып кетіп жатыр, — деді министр.