Батыс Қазақстанда тұманға байланысты республикалық жол жабылды

21 ақпанда жергілікті сағат 09:10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Орал — Тасқала автожолында (4-72 километр, Оралдан Тасқала ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, — делінген хабарламада.

Жабылу себебі – жолдың көрінбеуі, тұман. БҚО төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты ескерту жариялады.