БҚО-да табылған киіктердің өлексесіне сараптама жасалады

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, 2022 жылғы 13 қазан күні «Охотзоопром» ӨБ» Батыс қазақстан облыстық филиалының инспекторлары БҚО Жәнібек ауданы, Тау ауылдық округіне қарасты Қоңырат мекенінен 2 аталық киік мүйізімен (1-данасы қаңқасы қалған, 1-данасы бүтін, толық) және Жігер мекенінен 3 киік (2-і аталық мүйіздерімен, 1 аналығы) табылған.

Табылған киіктерді қарау барысында зақымдану белгілері анықталмаған.

Оқиға орнына Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, жергілікті полиция қызметкері және ветеринария мамандары бірлесіп, өлген киік жануарларының ішкі құрылыстарынан сараптамаға сынама алынып, сол аумақтағы мал моласында жойылды, — делінген хабарламада.