Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

Мемлекеттік жәрдемақыға кәмелетке толмаған төрт және одан көп бірге тұратын немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:

  • 4 баласы барларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салайық, мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген. Жәрдемақы төлеу кезінде көпбалалы отбасылардың табысы ескерілмейді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ке артты.