Сенат Қазақстанның шикізат емес өнімдеріне қатысты құжатты мақұлдады

Заңды сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин таныстырды.

Заң жобасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабын іске асыру үшін әзірленген және мемлекеттердің үшінші елдермен Еуразиялық экономикалық Одақтың техникалық регламенттерін техникалық реттеу объектісі болатын өнімдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 52 техникалық регламент қабылданғанын, оның 45-і күшіне енді.

Келісімді қабылдау Одақ пен үшінші елдер аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын анықтау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға жағдай жасайды, — деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан мен үшінші елдер арасындағы шикізаттық емес өнімдер бойынша тауар айналымы былтыр 48,6 миллиард АҚШ доллары болды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 33,5%-ке жоғары (36,4 миллиард АҚШ доллары). Өңделген тауарлар бойынша Қазақстанның негізгі экспорттық елдері ретінде Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланды тіркелді.