Серік Жұманғарин: Қазақстанға қайталама санкция енгізу қаупі жоқ

«Тиісті тетіктер дайындалды. Санкциялар аясында құқықтық кеңістікте жұмыс істейміз. АҚШ-тың, Еуропалық одақтың тиісті органдарымен тұрақты консультация жүргіземіз. Қазақстанға қайталама санкция енгізу қаупі жоқ», — деді Жұманғарин.

Министр АҚШ пен Еуропалық одақтағы іскер орта Қазақстанмен арадағы терең қатынасты жоғары бағалайтынын айтты.

«Біз еліміздің нақты ұстанымын мәлімдеп отырмыз. Қазақстан халықаралық құқықты ұстанады», — деді министр.