Елбасы туралы заңның конституциялық күшi жойылды

Бұл туралы Akorda.kz сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 13 қаңтарда ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданған болатын.

Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің статусы мен өкілеті Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.