Парламент Елбасы туралы заңның күшін жоюды мақұлдады

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Елбасы статусы» туралы Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі Конституциялық заң жобасын мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров таныстырды.

11 қаңтар күні мәжіліс төрағасы ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Отырыста «ҚР тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы екі оқылымда қаралды. Қорытындысы бойынша, парламент Елбасы туралы заңның күшін жоюды мақұлдады.