Алматыда автобустың неден өртенгені белгілі болды

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Алматыдағы тасжолда автобус өртеніп жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Әкімдік мәліметінше, жүргізуші техникалық ақауды өзі анықтап, барлық жолаушыға нұсқау бойынша ескерту жасап, адамдарды бірден аялдамадан түсіріп алған.

Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, автобустың қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан. Жүргізуші өрт сөндіргішті пайдаланып, өз бетімен өртті сөндіруге әрекеттенген, бірақ біраз уақыттан кейін жарылыс болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері таңғы сағат 8:45-те өртті оқшаулап, 8:50-де өртті толығымен жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында құзіретті өкілдер жүр.

Еске салайық, Алматының Медеу ауданында автобус өртеніп кетті. Өрт аумағы 25 шаршы метр болды.