Алматыда автобус өртеніп кетті

Департаменттің мәліметінше, сағат 8:27-де өрт сөндірушілер Төле би және ШААЖ көшелерінің қиылысында «ЛиАЗ» автобусы жанып жатқанын анықтаған. Өрт аумағы 25 шаршы метр болады. Өрт кезінде кабинада жолаушылар болмаған.

Жанып жатқан автобусты сөндіру үшін дереу көбігі бар бөшкелер берілген, автобус құрылымдарын салқындату жұмыстары жүргізілген. Өрт 08:45-те оқшауланып, тағы бес минуттан кейін сөндірілді.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің сегіз қызметкері мен екі техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.