Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала деректерге қарағанда, алты адам дене жарақатын алды.

Жол апатының дерегін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады.