2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с дейін артады.

Шығыс Қазақстан облысында аздап боран соғады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

ДереккөзBaq.kz