Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Қазақстандағы Түркия елшілігі
Фото: Akorda.kz

Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды мемлекет басшысы.