Елімізде 5,5 мың шетел көліктері заңдастырылып, нөмір берілді

Елімізге былтыр 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетел автокөліктерін заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінде 28 мың қазақстандықтың өтініші мақұлданды. 5,5 мың автокөлік иесі заңдастыру процесінен өтіп, мемлекеттік нөмір алды. Шетелдік көлік иелері ХҚО, электронды үкімет порталы және Halyk Homebank қосымшасы арқылы заңдастыру өтінішін бере алады, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Айта кетейік, шетел автокөліктерін заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.

Автокөлікті заңдастыру төлеміне келсек, 200 мың теңге мемлекеттік алым, 4 313 теңге паспорт бажы және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлеу қажет. Сонымен қатар шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.