Оның айтуынша, кей елдерде банкрот болған адамдарға шетелге шығуға тыйым салынады. Бірақ Қазақстан заңнамасында мұндай норма жоқ. Тек сот банкроттығы бойынша процедура жүргізілетін кезеңде ғана ел аумағынан шығуға болмайды.
Біздің заңнамада тек қана екінші тәсіл (сот банкроттығы) бойынша сотқа жүгінген кезде, процедура алты ай қаралатын кезде ғана шектеу қойылады. Себебі процедура созылып кетуі мүмкін. Азамат сотқа жүгініп, шет елге шығып кетсе, процедура тоқтап қалады. Сондықтан нақты шешім қабылданға дейін шектеу қойылады, — деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол банкроттық алғаннан кейін адамға ешқандай шектеу қойылмайтынын атап өтті.
Шешім қабылданды ма, екінші күннен бастап шетелге шығуға мүмкіндігі бар. Шекарада ондай шектеу жоқ, — деді вице-министр.
Еске салайық, банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурызда басталады.