Ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың саны артады

Былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1 500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды.

Биыл біз 2 000 балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейміз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтініштер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды, — деді министр Асхат Оралов.

Айта кетейік, былтырдан бастап ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға тиімді жеңілдік берілді. Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Ал барлық шығынды мемлекет өтейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту.