Басты бетЖаңалықтарБибісара Асаубаева...

Бибісара Асаубаева әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірін жеңді

Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сергей Карякин – әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол Сергейдің керемет қорғанысына қарамастан, салқынқанды ойынымен жеңіске жетті.

Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан. Ал ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.

Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым, — деп айтты Карякин ойыннан кейін.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры – 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.