Президент Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады

Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атанғаны хабарланған болатын.