Былтыр Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өсті

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрдің айтуынша, шетелдік туристердің жалпы саны 610 мың адамға жеткен. Салыстырып қарағанда, 2021 жылғы осындай кезеңнің қорытындысы бойынша 9 айда Қазақстанға 208,5 мың шетелдік қонақ келген. Динамика 2022 жылы 1,3 миллиард АҚШ долларына дейін өскен, бұл қызмет көрсету экспортына жағымды әсерін тигізді. 2021 жылы сол кезеңдегі экспорт сомасы 395 миллион АҚШ доллары.

Әрине, пандемиядан кейінгі кезеңді де ескеру керек. Бірақ 2022 жылы жағдай айтарлықтай жақсарды. Министрлік Қазақстан бойынша «Қазақстан гранд-турының» негізіне кіретін бес басым бағытты әзірледі. Бұл – қазірдің өзінде сұранысқа ие тартымды маршруттар. Бірақ олардың барлығы көптеп келетін туристерді қабылдауға дайын деп айтуға келмейді. Сондықтан біз әкімдіктермен бірге инфрақұрылымды жақсартып, таңдалған бағыттар бойынша туристер үшін жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге туризм саласы қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, туроператорлармен бірге мақсатты нарықтарда турларды ілгерілету бағытында жұмыстар жүргізіледі, — деді Асхат Оралов.