2023 жылы Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды

2023 жылы Түркістан түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді.

Түркістан — еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде аталған қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку, — деді Ержан Еркінбаев тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар өткелі отыр.

Жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралардың форматы әртүрлі. Оның ішінде мәдени, туристік, спорттық, ойын-сауықтар, тағы сол сияқтылар бар, — дейді ол.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз