Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі өсті

Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлады.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда күнбағыс майының өндірісі 537,1 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,2%-ке көп.

Мұндай айтарлықтай өсім тазартылмаған күнбағыс майының шығарылуын жылына 2,1 есе (376,7 мың тонна) шығару арқылы қамтамасыз етілді. Сонымен бірге тазартылған күнбағыс майының өндірісі бір жылда 8,7%-ке (160,4 мың тоннаға) өсті.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты қоса алғанда) 81,5%-ке қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс көлемі 389,9 мың тоннаға жетті, бұл 2021 жылдың қаңтар-қазан айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 47,1%-ке артық. Импорт 88,6 мың тоннаны құрап, бір жыл ішіндегі өсім 28%-ті құрады, — деп жазылған зерттеуде.

Сонымен қатар күнбағыс майының экспорты бірден 2,5 есеге (187,5 мың тонна) өскені, бұл қолда бар ресурстардың 40%-ке жуығы екені жазылған. Бұл ретте ішкі нарықтағы сату көлемі небәрі 12%-ке (291,1 мың тонна) өсті.

Былтыр желтоқсан айының қорытындысы бойынша күнбағыс майы бір айда 0,4%-ке, бір жылда 17,1%-ке қымбаттады. Бұл ретте, 2021 жылдың желтоқсан айында сектордағы бағаның ай сайынғы өсімі 0,1%, жылдық өсім 30,1% болғаны көрсетілген.

Өңірлер бойынша күнбағыс майы бағасының жыл сайынғы өсімі Солтүстік Қазақстан облысында 10%-тен Қарағанды облысында 25,1%-ке дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсімі Алматыда (23,4%-ке) және Ұлытау облысында (22,1%-ке) тіркелді, — деп жазылған зерттеуде.

Былтыр желтоқсан айында күнбағыс майының орташа бөлшек сауда бағасы бір литрі үшін 910 теңгені құрады.

Күнбағыс майының Қонаев пен Жезқазған тұрғындары салыстырмалы түрде қатты қымбатқа сатып алды: сәйкесінше 1 024 және 1 003 теңге. Ал ең арзан күнбағыс майы Семей мен Өскеменде тіркелді: бір литрі 777 және 783 теңге.