Үшінші орынға таласқан матчта Қазақстан Жапония құрамасымен ойнады. Есеп — 8:1. Осылай, Қазақстан хоккейшілері айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бұл — Қазақстанның универсиададағы тоғызыншы медалі.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес алып берді.
Қалыпты трамплинде шаңғымен секірген спортшы Данил Васильев те алтын алды.
Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков алтын, Александр Мухин қола алған еді.
Шаңғы жарысынан эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы үшінші келді, ал трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Еліміздің шорт-трек бойынша құрамасы күміс алды. Биатлоншы Александр Мухин масс-стартта екінші болып, күміс медаль тақты.