Астанада мерзімді қызметтегі сарбаз қаза болды

Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр.

Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағандыдан әскер қатарына шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажет шара қабылданады.