Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: күдікті ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді, — делінген хабарламада.

Қылмыстық іс ҚР қылмыстық кодекстің 451-бабының 2-бөлігі, яғни «Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы» бойынша қолға алынғаны анықталды.

19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жастағы тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсау болжамына сенбейді.