«Билайн» атауын өзгертпек

Компанияның ресми ақпаратында көрсетілгендей, ағымдағы жылдың 30 наурызында өтуге тиіс кезектен тыс жиында  акционерлер мақұлдайтын болса, онда атауын өзгертуді көздеп отыр.

«Қазіргі компания  24 ай бұрын болған компания емес, қазір ол ескірген телекоммуникациялық бизнестен VEON технологиялық компания ретінде  трансформацияланып жатыр», – делінген хабарламада.

Компания бұл шешімін осы жылдың соңында бірқатар елде VEON интернет-платформаларды іске қосатындығымен түсіндіреді. Айтуларынша, дәл осындай платформа  өткен жылдың соңында Италияда сәтті жүзеге асқан.

«Компания айтарлықтай қайта құрылып, бірнеше жылдық құлдыраудан кейін өсім көрсете бастады», – делінген хабарламада.

ДереккөзАbctv.kz