Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

Жақында парламенттің жаңа регламенті бекітілді. Регламент бойынша, мәжіліс пен сенаттың функциялары өзгерді. Оған қоса, «Құрметті сенатор» атағы да алынып тасталды.

Біз оны регламенттен алып тастадық. Қазір бізде «Құрметті сенатор» деген институт жоқ. Маусым айында өткен референдумда халқымыз қолдап, Конституциядан тұңғыш президент – Елбасыға қатысты нормалар алынып тасталды. Біз референдумды және Елбасыға қатысты заңның күші жойылып жатқанын ескеріп, «Құрметті сенатор» дәрежесін алып тастағанбыз, — деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.

Спикердің айтуынша, бұл дәреже бір адамға ғана берілді. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Бірақ «Құрметті сенатор» атағы заңмен бекітілмеген, тек сенаттың регламентіне ғана енгізілді.

Ары қарай мұндай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені бізде қазір ондай құқықтық негіз жоқ, алып тастадық, — деді жоғары палата спикері.