Қаржы пирамидасын Telegram-бот арқылы тексеруге болады

Мессенджердегі бот азаматтарға қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі.

Ол үшін пайдаланушы Telegram-ботқа компания/ұйым сайтының, Instagram парақшасы, Vkontakte тобы немесе Telegram арнасының сілтемесін https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта енгізуі қажет.

Егер компанияда қаржы пирамидасының белгілері болса және бұл сілтеме «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен бұғатталса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарланады. Ал егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектісі болса, тиісті жауап сәйкес анализден кейін жіберіледі. Сонымен қатар сізге табыс ұсынатын компанияны БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес, — делінген хабарламада.

Агенттік 2022 жылы қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды. Ұйымдастырушылар мүлкі тәркіленіп, нақты мерзімге (5 жылдан 6 жылға дейін) бас бостандығынан айырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде былтырмен салыстырғанда тіркелген жағдайлардың саны 2 есеге, аяқталғаны 3,5 есеге артты. Шығынды өтеу 92-ден (2,5 миллиардтың 2,3) 177%-ке (4,7 миллиардтан 8,3-ке дейін) өсті, —  дейді ведомство.

Агенттік қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күрес жалғасатынына сендірді.