Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған вайнерлердің соты 21 желтоқсанда өтеді

Алғашқы сот отырысы Алмалы ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында 21 желтоқсан күні сағат 15:00-де өтеді, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын.

Қаржы пирамидасы ісі бойынша А. Ораз пен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды.

Еске салайық, Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа ҚР қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша айып тақты. Кейіннен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ұсталған болатын.