Баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсаннан қарашаға дейін) пәтерлерді қайта сату құны 1,5% төмендеген.
Астанада (5,1%), Шымкентте (2,7%) және Ақтауда (1,6%) баға төмендеген. Сонымен қатар желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда, 1,6% төмендеді. Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4% қымбаттады, — делінген хабарламада.
Бір жыл ішінде (2022 жылғы желтоқсан мен 2021 жылғы желтоқсанды салыстырғанда) қайталама нарықтағы пәтер бағасы 21,6%, жаңа тұрғын үй бағасы 15,6% өскен. 2022 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 45% өскен.
Өңірлер арасында бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға жылдық мәнде айтарлықтай өсті: Ақтөбеде 29,3%, Ақтауда 26,6% және Семейде 22,3%.
Қайталама нарықта мына өңірлерде баға өскен: Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (32,4%).
Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында мына қалаларда баға көтерілген: Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%) және Қарағанды (53,1%).