Қызылордада Cамара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды

Қызылорда облысында ауа райының жағдайы нашарлай түсті. Қарлы боран, боран көрінуді шектеп жатыр.

Осыған байланысты елорда уақытымен 18.20-ден бастап республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тас жолында автокөліктің барлық түріне 1240-1474 шақырымынада қозғалыс жабық екенін хабарлаймыз. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Әйтеке би кентіне дейінгі аралықты қамтиды, — деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.