Алматыда бір тәулікте 18 рет қар көшкіні болды

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түскен қардың көлемі 29 мың текше метр.

Қар көшкіні адам өтпейтін таулы аймақтарда түсті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өзен арналары мен жолдарға қар түскен жоқ. Көшкін қауіпі туралы алматылықтар мен қала қонақтарын медиабордтар ескертуде, онда тауларда көшкін қаупі туралы хабарлама таратылады, ұялы телефондарға SMS-хабарламалар жіберілді, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын автожолдар жабық.