Ақмолада қар құрсауында қалған 1 200-ден астам көлік шығарылды

4 қаңтарда тәртіп сақшылары 500-ге жуық жеңіл және 70-ке жуық жүк көлігімен ілесіп жүрді. Щучинск қаласынан Астанаға жүріп бара жатқан 170-ке жуық жеңіл және Астана қаласынан Щучинск қаласына 100 жүк көлігі аман-есен жетті.

270-ке жуық көлік құралының колоннасына Жібек Жолы кентінен Қарағанды облысының Анар станциясына дейін полиция қызметкерлері ілесіп жүрді.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Анар станциясынан Астанаға дейін 160-қа жуық автокөлікпен, оның ішінде 30 жүк көлігімен ілесіп жүрді.

Айта кетері, іс-шараларға 93 полиция қызметкері мен 56 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 200-ден астам көліктің барлығы діттеген жеріне аман жетті.