Басты бет / Жаңалықтар /
24fa3b0ce76ab65d71df07fff5da63d6 Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлердің қолында мыңнан астам қару болған
Фото: Алматы полиция департаменті

Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлердің қолында мыңнан астам қару болған

Жалпы, еліміз бойынша қылмыскерлер 2 960 қару-жарақ пен шамамен 63 мың оқ-дәріні ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта оларды іздеу қарқынды жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясындағы жедел іздестіру іс-шарасы барысында 200-ден астам қойма жойылды. Олардан 4 160 қару-жарақ пен 57 мың оқ-дәрі табылды. Бүгінде 964 қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды, — деді министр.

Марат Ахметжановтың айтуынша, 3 196 қару-жарақ, оның ішінде 7 гранатомет, 1 пулемет бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Осылайша, қылмыскерлердің қолында 1 мыңнан астам криминалдық қару-жарақ болған. Шабуылдаушылар олдарды қолдануды жоспарлаған, — деді ол.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram