Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыста 350-ден астам заңсыз үйінділер анықталды. Іле, Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары қоқыс басқан аудандар «көшін бастап тұр». Сонымен қатар облыс орталығы – Қонаев қаласы да үйінділерге толы. Бүгінгі таңда 247 полигон жойылды, — делінген хабарламада.
Алматы облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау болмағандықтан, тұрмыстық қалдықтар ұзақ уақыт бойы жиналғанын атап өтті. Ластанған аумақ топырақтың ластануына және жалпы санитарлық жағдайдың нашарлауына әкеп соққан.
Біздің ұсынысымыз бойынша экологтар әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабы 3-бөлігіне сәйкес, бірнеше аудан мен Қонаев басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 100 АЕК ( 306 300 теңге) көлемінде айыппұл салынды, — делінген хабарламада.