ХҚКО-да дайын құжаттарды беретін постаматтар іске қосылады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында әртүрлі қызмет көрсететін заманауи аймақтар, бейне кабиналар іске қосылады.

Астанада жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығында персоналдың заманауи форматта жұмыс істеуіне жасалған жағдайлар және басқа да көптеген жаңашылдықтармен таныс болдым. Ұнады, — деп жазды Бағдат Мусин.

2023 жылы осындай 50 жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.

Министрдің айтуынша, алдағы жылы да азаматтарға арналған үкіметтен тағы да бірнеше керемет жобалар болады.