Қазақстанда сенбіде арнайы кезекші ХҚКО жұмыс істейді

Қазақстанның 20 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығы сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдайды. Құжаттар 09.00-ден 15.00-ге дейін беріледі.

Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау және Қызылорда қалаларында арнайы кезекші ХҚКО Астана уақыты бойынша 10.00-ден 14.00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Құжаттарды 16.00-ге дейін береді, — делінген хабарламада.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін, көлікті тіркеу және мемлекеттік нөмірді көрсету қызметтерін көрсетеді.

Қазақстандықтар «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, Telegram боты EgovKzBot2.0, eGov электронды үкімет порталы арқылы Арнайы ХҚКО-дағы кезекке алдын ала жазыла алады.