Франция белсенділері Барак Обаманы президент үміткерлігіне ұсынуда

Белсенділер Париж көшелеріне Барак Обаманың «Obama17» деп жазылған суретін іліп, аталған сайтқа кіруге шақыруда. Дәл осы сайтта Обаманы презиент сайлауына қатысуға шақыратын петицияға қол қоюға болады.

Белсенділердің мақсаты — миллион адамның қолын жинау.

«Франция халқының басым көпшілігі әсіреоңшыл кандидат үшін дауыс бергелі жатқанда кезде де, біз шетелдікті президент сайлап, жаһанға демократияның қандай болатындығын көрсетеміз», — деп жазылған сайтта.

Сайт өкілдерінің бірі бұл идея Барак Обаманың президенттік қызметі аяқталуға екі ай қалғанда келгендігін жеткізген. «Бұл мүмкін бе, жоқ па, ол француз ба, жоқ па? Бұл мәселердің ешқайсысына қарамай, адамдарға үміт сыйлауымыз керек деп шештік», — деп түсіндірген ол.

ДереккөзRia.ru