Бокстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде 11 медаль алды

Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Бокстен халықаралық турнирде Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова жеңіске жетті. Ал Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды.

Үздік үштікке Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сания Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева ілікті.