Ақтау әкімі: Үздіксіз жылу беру үшін ыстық суды өшіруге тура келді

Оның айтуынша, кешеден бері қалада ыстық суға қатысты үлкен мәселе туындап отыр.

Мұның басты себебі — МАЭК-тегі қондырғылардың ескіруіне байланысты жасалып жатқан жөндеу жұмыстары.

Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ыстық суды уақытша тоқтатуға тура келді! Қаладағы ахуал менің бақылауымда және мәселені жедел шешу мақсатында қазіргі таңда тиісті мамандар жұмылдырылды. Баршаңызды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға және сабыр сақтауға шақырамыз, — дейді Ербол Ізбергенов.