Алматыда құбыр жарылып, ыстық су атқылады

Оқиға 10 қарашада кешке Шәріпов пен Гоголь көшелері қиылысында болған. Ал оқиға орнынан кадрлар Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды.

Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен, Шәріпов көшесі бойында құбыр жарылды. Оқиға болған жерде қалпына келтіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Мамандар ақауды жойып жатыр. Су басып қалмау үшін мотопомпалар жіберілді. Толық ақпарат кейінірек беріледі, — деді Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілі.