Биыл білім беру гранттарының саны артты

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев айтты.

Министрдің айтуынша, 2017 жылы жоғары білім беру жүйесінде бакалаврдағы грант саны 31 мыңнан 36 мыңға, магистранттарда 7 мыңнан 10 мыңға, докторанттар үшін 600-ден 1 мыңға арттырылған.

Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев өңір әкімдерінен облыстың ерекшеліктеріне байланысты жергілікті жоғары оқу орындарында оқу үшін өз гранттарын бөлуді өтінді.

ДереккөзInform.kz