Алматыда электр жарығы толық қалпына келді

Бостандық ауданындағы РЭС-5 стансасы электр желілеріндегі ақау жойылып, электр қуаты толық көлемде қалпына келді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының «Ерменсай» шағынауданында электр қуаты сөніп қалғанын жазған едік. Салдарынан «Silver Hills» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықсыз қалды.