Алматыда бір шағынаудан тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 2 желтоқсан күні сағат 08:55-те Бостандық ауданындағы РЭС-5-те «Silver Hills» тұрғын үй кешені алаңында – Ерменсай шағынауданы, 5-қиылыста электр қуатының үзілгенін хабарлады.

Оқиға орнына «Алатау Жарық» компаниясының жедел қызметінің тобы шықты. Толық ақпарат нақтыланады, — делінген хабарламада.