Алматыда электр қуатының тарифтері көтеріледі

Қуат Асамбековтың сөзінше, пилоттық жоба аясында Алматы тұрғындарына электр энергиясы үшін түбіртектердегі ай сайынғы төлем құны тұтынылатын энергия көлеміне байланысты орта есеппен 300 теңгеге артады.

Халықтың әлеуметтік мұқтаж топтары үшін тариф өзгермейді, айырманы оларға атаулы тұрғын үй көмегі есебінен мемлекет субсидиялайтын болады. Қазақстанның қалған өңірлерінде электр энергиясына тарифтерді саралауды жою 2023 жылдан басталады,- деді ол Қазақстанда электр энергиясына тарифтерді саралауды жою бойынша өткен дөңгелек үстел барысында.

Спикер тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифтер заңды және бюджеттік тұтынушылар үшін жасанды өсімге байланысты төмендеу бағытында сараланғанын түсіндірді.

Тұтынушылар арасындағы тарифтердің саралануын төмендету шамамен 10%-құрайды. Яғни, тұрмыстық тұтынушылар санатына 10% өсім болады. Бірақ бұл жерде мәселе қымбаттатуда емес. Орташа тариф мөлшерлемесі өспейді. Мұнда мәселе айырмашылықты азайту туралы болып отыр. Сайып келгенде, барлығы бірдей тариф төлеуі керек, — деді Қуат Асамбеков.

Ол жобаның бірінші кезең аясында жеке және заңды тұлғалардың тарифтері арасындағы айырмашылық шамамен 30% төмендейтінін атап өтті.