Бұл туралы агенттіктің кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл фактіге қатысты барлық мемлекеттік орган тергеу жүргізген.
Расымен де, біздің 4 қызметкеріміз ол жерде қызмет бабымен болған. Өздеріңіз білесіздер, бұл заңмен қарастырылған. Біз тиісті тергеу жүргіздік. 2 қызметкер бойынша фактілер расталды, олар қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қалған қызметкерлер казиноға барғанда және тексеріс кезінде қаржы мониторингі агенттігінде жұмыс істемеген, — деді Адалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол әрбір факті мұқият тексерілгенін және жағдай бақылауда екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін желіде Алматы облысы прокуратурасы жүргізген тексерістің нәтижесі жарияланды. Онда казиноға жиі барып тұратын 300-ден астам мемлекеттік қызметші туралы айтылған.