Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері Қазақстанда шамамен 5,5 миллион тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1% өсті. Тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 миллион тоннаны құрады, бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3% артық.
Биыл кәсіпорындардағы сүт өнімдерін сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті. Себебі жем бағасы мен импорттық шығын материалдары, қаптама ыдыстарға дейін өскен.
Биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде сүт өндіруге 18,6 миллиард теңге бағытталды. Бұл мемлекеттік қолдау 467 субъектіге, оның ішінде сүт-тауар фермалары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға көрсетілді.